Конституциялық сот құрылған соң құқықтық өмір қалай өзгереді?

17 Мамыр 2022, 16:35
1504
Бөлісу:
Конституциялық сот құрылған соң құқықтық өмір қалай өзгереді?
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында БАҚ-ты дамыту қорының болжау және зерттеу бөлімінің басшысы Конституциялық соттың ерекшеліктері туралы айтты.

Оның айтуынша, 5 маусымда өтетін жалпыұлттық референдум тарихи оқиға болмақ және ел тұрғындары одан тыс қалмауы қажет.

Сонымен қатар ол  Конституциялық түзетулер қоғам мен мемлекеттің негізгі салаларын қамтитынын атап өтті. Ол саяси, әлеуметтік және соттық-құқықтық салалар.

Сондай-ақ ол Конституциялық сот құрылған соң құқықтық өмір қалай өзгеретініне тоқталды.

Жалпы Конституциялық соттың ерекшелігі қандай және ол қарапайым азаматтардың өміріне қалай әсер етеді? Ең алдымен Конституциялық сот азаматтардың өз Конституциялық құқығын қорғауға бағытталған. Яғни Конституциялық соттың жандануы – саяси және құқықтық реформаның бір элементі. Енді азаматтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады. Қазір Конституциялық кеңес соттық органдардың ғана сауалына үн қатуда,-деді ол.

Оның ойынша Конституциялық кеңес үрдісі тиімді болмады, өйткені соттар азаматтардың сұрауын үнемі қанағаттандыра бермейтін көрінеді. Реформадан кейін әр азамат Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады және өз құқығының қорғалатынына сенімді болмақ.
 

Өзгелердің жаңалығы