Конституциялық сот қалай жұмыс істейді?

7 Қараша 2022, 14:39
3215
Бөлісу:
Конституциялық сот қалай жұмыс істейді?

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова келесі жылдан бастап қызметін бастайтын Конституциялық соттың маңызын түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылы Конституциялық Сот өз қызметін бастайды. Конституциялық Сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель. Елімізде осындай институтты құру еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Конституциялық Соттың қызметі үшін заңнамалық, құқықтық негізді қамтамасыз ету, оған Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қабылданды, - деп мәлімдеді вице-министр.

Мұқанованың айтуынша, реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын берілмек.

Конституциялық Сот еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады  және биліктің сот тармағына жатпайтынын атап өткім келеді, өйткені бұл мәселе Конституцияда нақты шешілген. Бұл Конституциялық Сот сот шешімдерін қайта қарамайды немесе күшін жоймайды дегенді білдіреді. Реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын берілуі. Бұрын мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болатын. 

 

Енді, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады. Азаматтармен қатар, Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы. Осы ережелердің барлығы Конституциялық заңда тиісті реттеуді тапты, - деді Алма Мұқанва орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алма Мұқанова өзгеріске енген конституцияда депутаттар уәдесіне абай болуға тиіс екенін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы