Конституциялық Кеңес. Президенттің өтініші іске асырыла бастады

25 Сәуір 2022, 12:38
1578
Бөлісу:
Конституциялық Кеңес. Президенттің өтініші іске асырыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  

Өзгелердің жаңалығы