«Консерві банкісі» сияқты алып жүреді. Жолаушысы нық толы автобустарға қандай шара қолданылады?

14 Наурыз 2021, 13:11
2542
Бөлісу:
«Консерві банкісі» сияқты алып жүреді. Жолаушысы нық толы автобустарға қандай шара қолданылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде өткен брифинг кезінде журналистер неліктен мониторингтік топ жолаушысы толып жүретін қоғамдық көліктердің тексерілмейтіні туралы сауал қойды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топтар төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов брифинг кезінде сұраққа жауап берді.

Мұндай проблема бар. Тіпті адамдармен сөйлескен кезде де автобустардың ең соңғы аялдамада кідіріп тұрып қалатындарын айтады. Нәтижесінде бір автобус жолаушының бәрін толтырып алып, «консерві банкісі» сияқты алып жүреді, - деп айтты мониторингтік топ өкілі.

Оның сөзінше, алматылық тұрғындардың жауапкершілігі өте мол. 

Егер осындай фактіге тап болсаңыз, егер адам нық толы автобусты көрсеңіз, видеоға түсіріп алуларыңызды өтінеміз, - деді ол.

Алматыда қоғамдық көліктер таңғы сағыт 6-дан бастап жұмысын бастайды.

Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркеновтің сөзінше, таңертең жұмысқа баратын кезде және кешке жұмыстан үйге оралатын кезде мұндай фактілер орын алады.

Алматыда осындай фактілерді қабылдайтын 1308 Call-орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық 24 сағат бойы қосулы. Егер бұзушылықтар болса, онда нақты оқиға бойынша автобустың нөмірі мен басқа да ақпараттары туралы хабарласып, шағымдануға болады. Біз ол бойынша шаралар қабылдаймыз, - деп жауап берді Есіркенов брифингте.



Өзгелердің жаңалығы