Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырудың расталған жағдайлары 10 мыңнан асты. Үкіметтің соңғы мәліметтеріне сәйкес, індеттен 4 887 адам көз жұмған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Бундибугйо деп аталатын Эбола вирусының сирек түрінен туындаған індет мамыр айының ортасында жарияланған. Бұл Конго тарихындағы ең ауқымды әрі адам өлімі көп індетке айналды. Ол 2018–2020 жылдардағы эпидемиядан асып түсті.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері індеттің Африканың басқа елдеріне таралуы мүмкін екеніне алаңдаулы. Қазан айының басында Кенияда ауруды жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгені хабарланды. Ал өткен аптада Нигерия Эбола безгегі тіркелген Африкадағы төртінші ел атанды.
Сондай-ақ Эбола вирусын жұқтырғандардың бірі Швейцария дипломатының әйелі екені хабарланды. Швейцария үкіметінің мәліметінше, әйел вирусты Угандада жұқтырған болуы мүмкін. 26 қазанда әйел мен оның күйеуі ұшақпен Швейцарияға жеткізіліп, ауруханаларға жатқызылды.