Тоқаев форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды

24 Қаңтар 2020, 13:07
3388
Бөлісу:
Тоқаев форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алуға және түрлі форум өткізуге мораторий жариялауды ұсынды.

Бюджеттік саясаттың тиімділігін мұқият талдау қажет. Мен имидждік іс-шараларға кететін бюджеттік шығындарды қысқартуды тапсырамын. Үкімет шығындарды 30 миллиард теңгеге азайтты. Бұл тек алғашқы қадам деп есептейік. Өнімі жоқ шығындарды азайту жөніндегі осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізген жөн. Үкіметке осыған қатысты жұмыс нәтижелері туралы 2020 жылдың 1 мамырына дейін баяндауды тапсырамын, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент еш қиындықсыз кейінге қалдыруға болатын шығындарды анықтауды тапсырды. 

Бірінші қадам ретінде қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге тыйым салатын ұзақ мерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Өткізілетін іс-шаралар нақты практикалық және идеологиялық пайда әкелуі тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, мемлекет басшысы елімізге жаңа экономикалық бағыт керек екендігін айтты. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шегіп, көмек алмай отырғандардан хат келгенін айтып, Алматы маңында BEK AIR компаниясының ұшағы құлаған кезде зардап шеккен тұрғындардың арасында еңбекке жарамсыз болып қалғандарына неліктен көмек көрсетілмей отырғаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан сұрады.

Өзгелердің жаңалығы