Әуе компанияларына қойылатын талаптар жеңілдетілді

6 Мамыр 2020, 21:32
1462
Бөлісу:
Әуе компанияларына қойылатын талаптар жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмысқа қайта кіріскен әуе компанияларына қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жеңілдетілді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Атап айтсақ, жолаушылар ұшақта әрбір бір бос орыннан кейін отыруы керек деген шектеу алынып тасталды. Бұл норма 7 мамырдан бастап күшіне енеді. Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов алғашқы ұшып келген жолаушылардың арасында COVID-19 вирусы ешкімде тіркелмегенін хабарлады. Осы жағдайды ескере отырып, жолаушыларды отырғызу жөніндегі талап өзгертіліп, ішкі рейстерде ұшаққа адамдарды толық отырғызуға рұқсат етілді - делінген хабарламада.

Дегенмен, ішкі әуе рейстеріндегі барлық басқа санитарлық-карантиндік талаптар өзгеріссіз қалдырылды, оның ішінде COVID-19 (ПТР) анықтамасының да болуы әзірге міндетті.

Естеріңізде болса, Үкіметтің негізсіз талаптарына байланысты еліміздегі әуе компаниялары рейстерді тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы