Компания салықты төмендетіп көрсеткені үшін 2 млрд теңге айыппұл төледі

5 Қаңтар 2024, 11:48
481
Бөлісу:
Компания салықты төмендетіп көрсеткені үшін 2 млрд теңге айыппұл төледі
Фото: Арман Мухатов - архив

БҚО прокурорлары «Жайықмұнай» ЖШС-нің қызметінде салықты қосымша есептемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ЖШС-н тексеру барысында салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, компания 38 млрд теңгеден астам қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызу фактілеріне жол бергенін анықтады.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды.

Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд теңге өндірілді.

Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд теңгеге толықтырды, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС 38 млрд теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді.

Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн теңге болды, қазіргі уақытта өтеу сатысында.

Өзгелердің жаңалығы