Компьютерге бөлінген ақшаны ұрлаған 5 өңірдің лауазымды тұлғалары анықталды – Антикор

2 Сәуір 2021, 16:18
3766
Бөлісу:
Компьютерге бөлінген ақшаны ұрлаған 5 өңірдің лауазымды тұлғалары анықталды – Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде соңғы аптада болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров баяндап берді.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 650 тергеуді тіркеді. 60 лауазымды тұлға ұсталып, 58 адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды. Еліміздің 5 өңірінде (3-еуі осы аптада тіркелген) білім басқармаларының лауазымды тұлғаларына қатысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 2020 жылы «ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымдағы іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша компьютерлер, планшеттер және ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған деп күдіктелуде, - деп айтты тергеуші. 

Данияр Бекайдаров атап өткендей, қаражат білім беру процесінің онлайн форматқа көшуіне байланысты мектеп оқушыларын, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін шұғыл қажеттілік ретінде бөлінді. 

Осы сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ішкі мемлекеттік аудит актілерінің негізінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бюджетке келтірілген шығын бойынша тиісті сараптамалық жұмыстар тағайындалады, - деп түсіндірді ол қылмыстық іс туралы.
Өзгелердің жаңалығы