Коммуналдық қызмет. Атырауда арнайы портал іске қосылды

1 Наурыз 2024, 20:24
386
Бөлісу:
Коммуналдық қызмет. Атырауда арнайы портал іске қосылды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау қаласында коммуналдық қызмет түрлерін алу үшін арнайы портал іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді қала тұрғындары коммуналдық қызмет көрсету түрлерін алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн және офлайн түрде табиғи монополиялар субъектілерімен келісім шарт жасай алады. Ол www.onaykyzmet.kz сайтында жүзеге асырылды.

Аталған порталда сумен, жылумен, газбен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен телекоммуникация қызметтеріне қосылуға өтінім беруге, келісімшарт жасауға болады. Алдағы уақытта қызмет берушілер мен көрсетілетін қызмет түрлерінің санын көбейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған қызметтерді оффлайн түрінде алуға болады. Ол үшін Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 66 көгесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында фронт-офис ашылып, бірыңғай терезесі арқылы қызметтер алуға мүмкіндік бар. Аталған жоба «Ақылды» қалалар (Smart city) жобасы аясында іске асырылуда. Жоба қала тұрғындарына коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақтауы бойынша оң нәтижелер береді, - деді Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов.

Өзгелердің жаңалығы