Колумбияда ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

22 Қараша 2022, 20:58
752
Бөлісу:
Колумбияда ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

Кеше Колумбияның екінші үлкен қаласы Меделлиннің шетінде шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Энрике Олая Эррера атындағы жергілікті әуежайдан көтерілгеннен кейін ұшақтың қозғалтқышы көп ұзамай істен шыққан. Ұшақ тұрғын үй аумағына құлаған. Жеті үй қирап, тағы алты ғимаратқа зақым келген.

Колумбияның азаматтық авиация басқармасы апаттың себебін анықтау үшін тергеу тобын құрды.

Өзгелердің жаңалығы