Колумбияда шахтада жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

16 Наурыз 2023, 06:25
804
Бөлісу:
Колумбияда шахтада жарылыс болып, 11 адам қаза тапты
Фото: eltiempo.com

Колумбияда елдің орталығындағы Сутатауса муниципалитетіндегі шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

El Tiempo басылымының хабарлауынша, шахтада 30-дан астам кенші болған.

Кундинамарка департаментінің директоры Николас Гарсиа Бустостың Twitter-дегі жазбасына қарағанда, жергілікті сағат 05:20 минуттағы жағдай бойынша, тоннельде 17 адам қалып қойған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Сутатаустегі көмір шахталарының біріндегі жарылыс сейсенбі күні кешкісін болды. Артынан көрші 4 шахтада бірнеше рет жарылыс болды.

Өзгелердің жаңалығы