Колумбияда лай көшкіні 70 үйді басып қалды

8 Қараша 2022, 06:27
720
Бөлісу:
Колумбияда лай көшкіні 70 үйді басып қалды

Колумбияның солтүстігінде батпақ 70 үйді басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Лай көшкініне жаңбыр себеп болған. Нөсер бірнеше күн бойы толассыз құйған еді. Көшелерді су шайып, инфрақұрылым қираған. Тіпті қабірлерге зақым келген. 

80-нен астам отбасы шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. 

Билік Кариб теңізі мен Атлант мұхитында ауа температурасы төмендегенін айтады.

Өзгелердің жаңалығы