Көліктің техникалық тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov-тан алуға болады

26 Қыркүйек 2023, 13:59
676
Бөлісу:
Көліктің техникалық тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov-тан алуға болады
Фото: Көлік министрлігі

Автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу нәтижесінде берілетін диагностикалық картаны цифрлық құжат форматына көшіру бойынша жұмыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мұны аталған ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесе отырып іске асырған.

Енді автокөліктің техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен электрон түрде көруге әрі жүктеп алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы