Көлік салығы бойынша берешектер 26-мамырдан бастап мәжбүрлеп алынатын болады

12 Мамыр 2023, 19:14
1028
Бөлісу:
Көлік салығы бойынша берешектер 26-мамырдан бастап мәжбүрлеп алынатын болады
Фото: BAQ.KZ

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел бойынша бір миллионнан астам азаматтың мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд теңгеге, оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық бойынша 27,9 млрд теңгеге қарыздары бар екенін мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 51 мың маңғыстаулық 1,2 млрд теңгеден астам сомаға көлік салығын төлемеген.

Ағымдағы жылдың 26-мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады.

Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Осыған байланысты, азаматтардан қарыздың жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз.

Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.

Өзгелердің жаңалығы