Көлік саласының кәсіпкерлері үкіметке проблемаларын қайта айтты

24 Сәуір 2023, 17:39
973
Бөлісу:
Көлік саласының кәсіпкерлері үкіметке проблемаларын қайта айтты
Фото: Атамекен ҰКП

Бүгін Үкімет аппараты басшысының орынбасары Асқар Биахметовтің төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлер жүк теміржол тасымалы саласындағы проблемаларын кезекті рет көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мәселелер премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы аясында өткен жылдың 1 шілдесінде айтылып, тіркелген. Атап айтқанда, темір жолдың жүк тасымалдау саласында НҚА нормаларын дұрыс қолданбау және ұлттық жүк тасымалдаушы тарапынан нормативтік құқықтық актілерді орындамау мәселелері шешілмей келеді.

Вагон (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторларының қазақстандық қауымдастығының өкілдері станциялық жолдарға келген жүктің екі тәуліктен астам уақыт сақталғаны үшін он есе айыппұл салу және вагондардың жай тұрғаны үшін алым алу мәселесін көтерді.

Қауымдастықтың бас директоры Салтанат Адамбаеваның айтуынша, ұлттық тасымалдаушы осы алымның тариф белгілеу әдістемесін, сондай-ақ жүктің сақталуын қамтамасыз ету кезіндегі операциялардың тізбесін көрсете алмады.

Қазір заңнамада вагондардың тұруына он есеге дейін айыппұл салынды. Бірақ қай кезде екі еселенген, үш еселенген, төрт еселенгенін қолдану нақты анықталмаған. Талдау нәтижесінде біз компаниялармен, вагон иелерімен сөйлескен кезде: кейбір станцияларда бір жерде екі есе, бір жерде төрт есе айыппұл салынатыны анықталды. Ал бір жерде бірден 10 есеге дейін айыппұл салған. Яғни, бұл тасымалдаушының құзыретіне қарай. Мұндай жайт бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады, – деді Салтанат Адамбаева.

Спикердің айтуынша, небәрі төрт операторлық компанияның деректері бойынша 2020-2023 жылдар аралығында 177 млн теңге сомасынада вагондардан қосалқы бөлшектер тоналған.

Егер тасымалдаушыға жүкті сақтауды жүктейтін болсаңыз, осы вагонның бүтіндігіне толық жауапкершілікті енгізу керек. Өйткені вагондардың иесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жүгініп, қосалқы бөлшектер ұрланғанын көрсеткенде, темір жол қызметі бұған жауап бермейді. Ол станциядағы полицияның желілік басқармасына, прокуратураға жібереді, бірақ бұл шығындарды өзі өтемейді, – деп атап өтті спикер.

ҚР ИИДМ өкілдері айыппұл вагондардың станциялық жолдарда көп тұрып қалмауы үшін қолданылады.

Егер он еселенген айыппұлды алып тастайтын болсақ, станция жолдарындағы шетелдік вагондар паркі көбейіп кетеді. Өйткені Қазақстанда вагондардың жолда тұруына алым басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен, – ҚР ИИДМ вице-министрі Алмаз Ыдырысов.

Осы ақпаратқа жауап ретінде Салтанат Адамбаева кәсіпкерлер станция жолдарындағы нормативтен тыс қарапайым алым және басқа да заңды алымдар үшін ақы төлеуге дайын, бірақ тасымалдаушы тарапынан «ойдан шығарылған» айыппұлдар орынсыз екенін айтты.

Үкімет аппараты басшысының орынбасары Асқар Биахметов мәселенің маңызын және оны қосымша талқылау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, бизнес өкілдері ұлттық жүк тасымалдаушының көлік саласындағы уәкілетті орган бекіткен редакцияда экспедиторлармен ТЖ көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға шарттарға қол қоюға келіспейтінін атап өтті. Бұл жайт экспедиторлардың жұмысын тиімсіз етті.

Қазіргі кезде ҚР ИИДМ екі тарапты – бизнестің де, ҚТЖ-ның талабына келетін, бірақ транзиттік қатынаста ғана ұйымдастыратын жаңа үлгілік шартты бекітті.

Үлгілік шартты барлық тарап орындауға міндетті. Мемлекет заң қабылдады, Министрлік ойын қағидаларын бекітті. Мен Министрліктің тиісті бұйрықты бекіту туралы ақпаратын қолдаймын, бірақ мәселе ҚТЖ тарапынан нормативтік-құқықтық актілердің міндетті орындалуында, – деп анайды Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының Байқау кеңесінің төрағасы Илья Сегал.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Орынбасаров жаңа үлгілік шарттар күшіне енген бойда Ұлттық тасымалдаушы 1 ай ішінде ҚР ИИДМ бекіткен редакцияда транзиттік қатынаста мыңнан астам экспедитормен шарттарды қайта жасайтынын сендірді.

Республикаішілік, экспорттық және импорттық қатынастарда жүк тасымалдаушы мен экспедитор арасында үлгілік шарт жасау мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ мамандарына жақын арада теміржол саласының көтерілетін мәселелері бойынша егжей-тегжей талқылау және шешімдер әзірлеу тапсырылды. Соның ішінде: ТЖ көлігімен жүк тасымалдау кезінде қатынастарда тепе-теңдіктің болмауы, магистральдық теміржол желісінің (ТЖК) өткізу қабілетін арттыру үшін ТЖ инфрақұрылымын дамыту, ТЖ саласы активтерінің тозуы және басқа да мәселелер бар.

Өзгелердің жаңалығы