Нөмірін төңкеріп таққан: Астанада жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Құқық қорғау органдары мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 20 Тамыз 2026, 23:24
20 Тамыз 2026, 23:24
136
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мемлекеттік тіркеу нөміріне қойылатын талаптарды бұзған жүк көлігінің жүргізушісі анықталды.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі төңкеріліп орнатылған Shacman жүк көлігін тоқтатты.

Жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне қатысты талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елорда полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне қойылатын талаптарды қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Құқық қорғау органдары мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх