Көлік кептелісі кесірінен өрт сөндірушілер жарты сағатқа кешікті

20 Қыркүйек 2021, 12:15
1926
Бөлісу:
Көлік кептелісі кесірінен өрт сөндірушілер жарты сағатқа кешікті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылындағы жеке шаруа қожалықтың қоймасы өртенді. 

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше өрт 20 қыркүйек сағат 10-дар шамасында болған.
Бүгін сағат 10-00-де кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында, Наурызбай батыр көшесі №92 а мекен-жайында «Әмір» шаруа қожалығының аумағында қойма үй-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өртке қарсы бөлімшелер орнына келгеннен кейін қойма үй-жайында ауыл шаруашылығы техникасынан құрылыс материалдары мен шиналар жанып жатқаны анықталды, шамамен 250 шаршы метр алаңда,-делінген хабарламада.

Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінен шақыру орнына дейінгі қашықтық 18 километрді құрайды екен.

Автожолда автомобильдердің көптігінен кептелісінің болуына байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10:33-те жеткен.

Өрт сағат 10:50-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және Алматы қаласы ТЖД 26 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды,-делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы