Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көлік – экономика локомотиві: Сала үлесі 1,3 пайызға жетті

19 Мамыр 2025, 11:31
331
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ел экономикасының биылғы өсімі 6 пайызға жетті. Оның 1,3 пайызы көлік саласының үлесіне тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл 4 айдың ішіндегі көрсеткіш болғанымен, жыл басынан бастап сақталып келе жатқан оң динамика. Қаңтарда айында Қазақстан экономикасы 3,8 пайызбен бастаса, қаңтар-ақпанда 5,4%, наурызда 5,8 % қазір 6%-ға шығып отыр.

Көлік саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Мұның негізгі себебі – көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы экономиканың тұтас өсуін қамтамасыз ету. Көлік саласындағы өндірістік көрсеткіштер жақсы нәтиже көрстеуде. Инфрақұрылымдық жобалардың ішінде теміржол саласы ерекше орын алады. Қазіргі таңда төрт ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1300 шақырымды құрайтын бұл жобалардың биыл 911 шақырымы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған, - дейді көлік саясаты департаменті директорының орынбасары Сәтжан Өзбеков.

Оның айтуынша, жалпы ұзындығы 2600 шақырым болатын тағы сегіз жоба бар. Қазіргі уақытта бұл жобалар бойынша дайындық жұмыстары басталған. Барлық жобаларды алдағы екі-үш жыл ішінде толық аяқтау көзделген.

Автомобиль жолдары саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл жол жөндеу және салу жұмыстары 13 мың шақырым жолды қамтиды. Олардың қатарында ірі автобандар мен жаңа автомагистральдар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша жаңа жол құрылысы пысықталуда. Сонымен қатар Сексеуіл – Бейнеу – автомобиль жолының құрылысы да жоспарлануда. Порт инфрақұрылымына келсек, қазіргі кезде олардың өткізу қабілетін арттыру бағытында нақты шаралар қабылдануда. Соның бірі – контейнерлік хабтың құрылысы. Бұл жоба аясында биыл алғашқы кезең аяқталады. Нәтижесінде порттың контейнер өңдеу мүмкіндігі жылына 240 мың контейнерге дейін ұлғаяды, - деді Сәтжан Өзбеков.

Өзгелердің жаңалығы