Көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

23 Шілде 2023, 10:43
3195
Бөлісу:
Көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Нұркен Алишев

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба тараған болатын. Аймақтағы полиция департаменті қызметкерлері видеоның мән-жайын анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болған. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды, - деп жазды ІІМ-нен.

Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы