Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

7 Маусым 2021, 18:45
2575
Бөлісу:
Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аула клубтарының желісін кеңейтеміз. Қазір қалада 32 аула клубы бар, бұл шамамен 3 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Баға жетпес уақытты пайдалы өткізу маңызды. Білім алумен қатар, демалу, сүйікті іспен айналысу, құрдастарыңызбен сөйлесу және т.б. денсаулыққа пайдалы. Пандемия денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Спорт қолжетімді болуы үшін биыл аулаларды, саябақтарды, скверлерді, бульварларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырудамыз. Абаттандыру кезінде алаңдардың көпфункционалды болуына баса назар аударамыз: яғни аулада балалар футбол/баскетбол ойнап, тренажерлерде спортпен шұғылдана алады. Сонымен бірге аға буын үшін демалыс орындарының болуы шарт. Биыл қосымша 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырамыз. Өткен жылы 76 гектардан астам аумақ абаттандырылды, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, биыл елордада 4 ірі дене шынықтыру кешені салынады.

Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

Сондай-ақ аула клубтарының желісін кеңейтеміз. Қазір қалада 32 аула клубы бар, бұл шамамен 3 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді. Ал қаланың төрт елді мекенінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып, спорт, мәдениет нысандарын жөндейміз және ашамыз. Балалар өздері ұнататын, қызығып оқитын сабақтарды таңдау керек. Бұл сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнау немесе жүзу, күрес, шахмат және т. б. Сонда ғана керемет нәтижелерге қол жеткізіп, сабақтан ләззат алуға болады! - деді Көлгінов.

Әкім жазғы демалыста физикалық денсаулықтан басқа, білімді де жетілдіру керек екенін айтты. Бұған кітап оқу арқылы қолжеткізуге болады. Өйткені әдебиет туындылары жарқын әрі қызықты саяхатты ашып қана қоймай, сөздік қорды толықтыруға, сауаттылықты жақсартуға мүмкіндік береді. 

Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты

Мемлекет басшысы атап өткендей, оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс, ал оқудың жоғары мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту білім беру процесінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Сондай-ақ демалыста фильмдерді шет тілінде көрген пайдалы. Субтитрлер мен қызықты сюжет арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену және есте сақтау оңай болады. Жазғы демалыс уақытын денсаулық пен білім алу үшін пайдалы өткізе отырып, сіз әр қадам сайын өз арманыңызға жақынырақ боласыз: оқу орындарында жақсы бағалар/көрсеткіштерге қол жеткізу, сүйікті мамандық алуға талпыну; өз ағзаңызды шынықтыру, т. б. Тек өз жетістігіңіздің ұстасысыз! Бұл сіздің денсаулығыңыз қаншалықты мықты болатынына және сіз қандай білім алатындығыңызға байланысты. Ал біз өз тарапымыздан күнделікті негізде бұл үшін барлық қажетті жағдайларды жасай береміз, - деді елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы