Көлгінов жаңа штаммға байланысты пікір білдірді

3 Желтоқсан 2021, 15:01
1116
Бөлісу:
Көлгінов жаңа штаммға байланысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қала жаз бойы «қызыл» аймақта болған. 1600- ден астам науқас күнделікті анықталып отырды. 

Қазіргі уақытта жағдай біршама тұрақталып, күніне 120-130 адам аясында тіркелуде. Қазір «сары» аймақтамыз. Бұған септігін тигізген, біздің ойымызша, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы. Себебі қазір біз 66 пайыздан астам ересек азаматтарды вакциналаудан өткіздік. Ал екінші компонентпен жоспарланған ересек азаматтардың 61 пайыздан астамы екпе алған. Қараша айында ревакцинация басталды. Әзірге 1177 адам ревакцинациядан өтті, - деді қала әкімі. 

Сонымен қатар ол әлемнің ірі қалаларында «Омикрон» штамының кесірінен шектеулер күшейіп келе жатқанын айтты.

Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, «Омикрон» штамы пайда болғалы вирус мутациядан өтіп жатыр. Халықаралық аренада ірі қалалар мен мемлекеттерде қосымша шектеулер орнатылып жатыр. Осындай қосымша шектеулер орнатылмас үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз қажет. Сонымен бірге вакцинацияны әрі қарай жалғастырамыз, - деп атап өтті А. Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы