Көлгінов қала күнімен құттықтады

6 Шілде 2022, 14:31
1456
Бөлісу:
Көлгінов қала күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала күнімен құттықтады. 

Сіздерді астана күнімен құттықтаймын! Елордамыздың дамуы қаланың әрбір тұрғынына байланысты, әрқайсысыңыз осы ортақ іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Бас қаламыз әлі де жайлы, ыңғайлы бола түсуі үшін бірқатар жүйелі проблемалардың шешімін табу жолында жұмыс жүріп жатыр. Атап айтқанда, инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу, әлеуметтік және спорттық нысандар салу, елді мекендерді дамыту, аудандарды абаттандыру жұмысы, - деді ол. 

Әкім атағандай, шілде айы басталғалы бері қаламызда концерттен бастап спорт фестиваліне дейінгі ондаған жоспарлы іс-шаралар өтіп жатыр. 

Елорда күнінде сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, тұрғын үй кезегін күткендерге, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілті табысталып жатыр. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысандардың, 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысы аяқталуға жақын, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылса, күрделі жөндеуден кейін «Алаш» көпірі ашылды және т.б. Баршаңызды елордамыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбіріңізге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін, - деді Көлгінов. 

 

Өзгелердің жаңалығы