Көлгінов парадзюдошыларды құттықтады

14 Қараша 2022, 21:27
843
Бөлісу:
Көлгінов парадзюдошыларды құттықтады
PHOTO

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов парадзюдодан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Спортшыларымызды Баку қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтадым. Олар жалпы саны 5 медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын медаль, үшеуі – қола медаль. Алтын жүлдені елордалық спортшылар – Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамей жеңіп алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері – Даяна Федосова, Жанбота Аманжол, Олжас Оразалыұлы. Командалық жарыста спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Спортшылармен кездесуде парадзюдоны және паракаратэні одан ары дамыту, төлемдер, дайындық үшін жеке үй-жай бөлу және т.б. мәселелер талқыланды. Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларына алғыс білдіремін. Жетістік – қажырлы және тоқтаусыз еңбектің нәтижесі, – деп жазды А.Көлгінов.


 
Өзгелердің жаңалығы