Көлгінов: Не істесек те, балалардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз

1 Маусым 2021, 21:03
13501
Бөлісу:
Көлгінов: Не істесек те, балалардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Әрбір бала – қайталанбас тұлға! Не істесек те олардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз. Бүгін – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мереке өскелең ұрпақтың әл-ауқаты, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапты екенін еске салады, «еліміздегі әрбір бала махаббатқа, қуаныш пен бақытты балалық шаққа лайық», - деді Көлгінов.
Көлгінов: Не істесек те, балалардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз

Оның айтуынша, қаланың әр ауданында санитарлық нормаларды сақтай отырып, бүгін балалар үшін іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Жас тұрғындарымыз үшін мерекелік атмосфера құру маңызды. Ересектер өз мысалдарымен ғана балаларды жас кезінен еңбекке баулып, оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, аға буынға деген құрметін қалыптастыра алады. Өз тарапымыздан балаларымызға жағдай жасау үшін жұмыс жасап келеміз: балабақшалар, мектептер, оңалту орталықтарын, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй, мәдениет және спорт объектілерін саламыз, аула клубтарын ашамыз, таза ауада уақыт өткізу үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) мен аулалар жасаймыз, - деді ол.
Көлгінов: Не істесек те, балалардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз

Әкім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық бағыт бойынша балаларға жағдай жасалады. 

Жоғарыда айтқанымдай, әр бала ерекше. Біздің міндетіміз – олардың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беру. Біздің балаларымыздың арасында болашақ медицина қызметкерлері, педагогтар, инженерлер, құрылысшылар, жазушылар, суретшілер, спортшылар және т. б. бар. Барлық мамандық маңызды және қажет. Ата-ана ретінде біз оларды қолдауымыз керек. Балалардың кестесі ересектердікінен кем түспейді. Олар оқу оқып, үйірмелерге барып, достарымен кездеседі. Балалар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін өткен жылдың көктемінен бастап қаламыздың барлық кәмелетке толмаған тұрғыны үшін қоғамдық көлік тегін. Бұл жаңалық көптің көңілінен орын алды. Балалардың дүниеге келуі отбасы үшін де, мемлекет үшін де маңызды. Жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын. Ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!, - деп құттықтауын жолдады бас қаланың әкімі.
Көлгінов: Не істесек те, балалардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз
Өзгелердің жаңалығы