Көлгінов миллиардтаған шығын әкелген бағдарлама туралы айтты

25 Сәуір 2023, 15:16
4013
Бөлісу:
Көлгінов миллиардтаған шығын әкелген бағдарлама туралы айтты
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «ArtSport» бағдарламасының қайта жанданғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Көлгіновтың айтуынша, «ArtSport» бағдарламасына өткен жылы өзгеріс енгізілген.

Бұрын жаңа бағдарлама ретінде басталған кезде балаларды нақты база бойынша келді деген, ал шын мәнінде олай болмағаны анықталды. Мұны Прокуратура тексеріп, қаншама млрд-таған шығын анықталды. Бұл жайттың қайталанбауы үшін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның базасының бәрін біріктіріп, интеграция жасауымыз керек. Сонда ғана ашықтықты қамтамасыз етеміз. Оған биыл өңірлерден 86 млрд теңге қаражат бөлінді. Бағдарлама жасөспірім мен оқушылардың спортпен айналысуына мүмкіндік береді, - деді Алтай Сейдірұлы.

Өзгелердің жаңалығы