Көлгінов қаладағы эпиджағдай туралы айтты

18 Мамыр 2021, 10:14
2009
Бөлісу:
Көлгінов қаладағы эпиджағдай туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Қазіргі күні қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтандыру үшін халықты кезең-кезеңімен вакцинациялауға басты назар аударылып отыр. Бірінші және екінші компоненттер бойынша 220 мыңнан астам екпе жүргізілді, - деді қала әкімі.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға бағытталған тиісті жоспар бекітілді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакцинациялау пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты.

Ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында вакцинациямен қамту үшін көшпелі медициналық бригадалар құрылды. Онымен бірге, ірі СО-ларда егу пунктері ашылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасып келеді, - дейді ол.

Көлгіновтың сөзінше, карантиндік шараларды сақтау жөніндегі мониторинг топтар жұмысын жалғастырып жатыр. Басты мақсат – заң бұзушыларды жаппай жауапқа тарту немесе сауда орнын жабу емес, керісінше, олардың алдын алып, санитарлық нормаларды сақтауды қашықтан бақылау.

Осы орайда кәсіпкерлік субъектілер белсенділік танытып отыр. Осыдан бір апта бұрын «Ashyq» платформасына 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектілер тіркелсе, қазір олардың саны 800-ден асты. Олардың басып бөлігі қоғамдық тамақтандыру орындары, фитнес клубтар, кинотеатрлар, театрлар, спа және басқа да орталықтар. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасын тауып жатыр, - деп Алтай Көлгінов түсіндірді.
Өзгелердің жаңалығы