Көлгінов елордалықтарға үндеу жасады

16 Ақпан 2021, 20:30
1131
Бөлісу:
Көлгінов елордалықтарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жасады. 

Өздеріңіз білетіндей, елордамыздың аудандарын полиорталық қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз - қадамдық жақын жерде орналасқан әлеуметтік нысандар, уақыт өткізуге арналған абаттанған орындар, инфрақұрылымы дамыған, жасыл бақтары және т. б. бар қала. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қаланы дамыту бойынша ұсыныстарыңыз келіп түсуде. Бұл бізді қатты қуантады. Осы жұмысты жүйелеу және елорданы сіздермен бірге дамыту үшін «Birge» сайты іске қосылды, -деп жазды әкім желідегі парақшасында. 

Сайтта сіз әр түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар қалдыруға болады. 

Апатты ескі тұрғын үйлерді сүру, экология, газдандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістік, көшелерді жарықтандыру, жануарларды қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, урбанистика - қалалық орта, бизнес, көлік, санитариялық тазарту секілді санаттар жеке берілді. Платформаның жұмыс істеу процесі қарапайым: біріншісі - идеяны ұсыну, екіншісі - іріктеу, үшіншісі - жобаны жүзеге асыру. Тұрғындардың ең жақсы ұсыныстарын жүзеге асырамыз, - деді әкім.



Өзгелердің жаңалығы