Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

4 Ақпан 2021, 02:17
1506
Бөлісу:
Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол өзінің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бүгін Алматы ауданының тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында барлық санитария нормалары сақталды. Қала тұрғындарымен кездесулер, азаматтарды қабылдау, жұмыс сапарлары кері байланысты айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді. 2020 жылы Алматы ауданында көптеген жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысы елорданың елді-мекендерін жоспарлы түрде дамытуды тапсырды. Мәселен, тек осы ауданның елді-мекендерінде 23 көше асфальтталды, ал еріген және жаңбыр суларын бұру үшін арықтар орнатылды. 24 көшеде жарықтандыру қалпына келтірілді, қаланы газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде - 300 км газ тарату желілері салынды, – деді қала әкімі.
Оның айтуынша, 2020 жылы 21 мектеп пен 2 балабақша жөнделді, биыл тағы 9 білім беру нысанын жөндеу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Мичурино елді мекенінде 3 мектеп салынды. Бұрын бұл елді мекенде мектеп болған жоқ, балалар бейімделген бөлмеде оқыды. ТКШ саласында да үлкен жұмыс жүргізілді: 19 үйде күрделі жөндеу жүргізілді, 80 үйде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері жөнделді. Қала тұрғындары 60-қа жуық мәселе көтерді: тұрғын үй алаптарын дамыту, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, абаттандыру, апатты үйлерді бұзу, ТКШ жаңғырту және т.б. Тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынды. Бұған дейін осындай кездесулерді Сарыарқа және Есіл аудандарында өткіздік, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы