Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен бірқатар мәселені талқылады

7 Мамыр 2022, 07:25
1440
Бөлісу:
Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен бірқатар мәселені талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті. Ол өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындары көтерген мәселелермен бөлісті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданын ары қарай дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқыладық. Аталмыш ауданның құрылғанына 24 жыл болды. Тұрғындармен кездесуіміз 2,5 сағатқа созылды. Ниет білдіргендердің бәрі сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Кездесу барысында қала тұрғындары апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, электрлік қосалқы станциялардың жұмысы, әлеуметтік нысандар, кәріз желілері, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, қосымша автобустар шығару, көгалдандыру, тығыз салынған құрылыс, интернет, су қысымы секілді түрлі мәселелерді көтерді. Алматы ауданы құрылғаннан бері жергілікті тұрғындар саны 4 есе артты. Қазір мұнда 320 мыңға жуық адам тұрады, – деді елорда әкімі.

Сондай-ақ ол 146 проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілгенңн және үшін 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынғанын айтты.

Әлеуметтік нысандарды салудан бөлек, басты мәселелердің бірі – кәріз желісі мен шағын электр станцияларын салу. Мәселен былтыр 146 проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілді. Осы үшін 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды. Олардың бір бөлігі Алматы ауданында орналасқан. Мысалы су басу мәселесі ауданның (және қаланың) ең проблемалы тұстарының бірі – Б.Момышұлы даңғылында шешілді. Бұл маңайда жаңбырлы күндері көліктер белшесінен суға бататын. Сол себепті қолданыстағы нөсер кәрізі желісінің өткізу қабілетін 1,5 есе арттыратын нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салдық. Сол сияқты Жастар шағын ауданында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) жеткізуші коллекторлар мен өзге де кәріздерді қайта салу арқылы тазарту қондырғысы орнатылды. Олар көшелер мен үйлерді су басудан сақтап қалды, – деді Алтай Көлгінов.

Алматы ауданында газ тарату желісі салынды. Бұл ауданда 1700-ге жуық отбасы газға көшті. Көгілдір отын қала тұрғындарының өмірін экологиялық тұрғыдан жақсартады.

Сонымен қатар Алматы ауданына қарасты кейбір елді мекендерде желді күндері электр желісі істен шығып жатады. Бұл проблеманы шешу үшін «Қазбек» қосалқы станциясының құрылысы және «Жұлдыз» қосалқы станциясын қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Бұл нысандарды келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл Алматы ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар (мектеп, медициналық орталық, қолжетімді тұрғын үй), 80 аула мен қоғамдық кеңістік, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және т.б. салынады. Кездесу барысында қойылған сұрақтарды шешу мәселесін қолға алдық. Оларды орындау уақытын белгілейтін боламыз.
Елорданы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы