Көлгінов ақылы автотұрақтарға қатысты пікір білдірді

14 Қаңтар 2021, 13:45
1442
Бөлісу:
Көлгінов ақылы автотұрақтарға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Астана- адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған қызмет көрсету орындарына барған кезде журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты. 

Бұл жерде заңға сену керек. Біріншіден, келісімшарттар дұрыс қолданылмайтын жерлерде жүзеге асырылмайды. Ал компаниялардың қолжетімді баспана орындарында әкімдік рұқсатынсыз автотұрақтарды ашса, бұл заңсыз болып есептеледі. Сондықтан бұл жерде заң бойынша ғана шешім қабылдау керек. Әкімдік заң жүзінде жұмыс істейтіндерді ғана қолдайды. Біз қала тұрғындарының қиындыққа душар болып, артық ақша төлегенін қаламаймыз, - деді ол. 

Көлгінов Министрліктер үйі мен Нұрсая ауданындағы автотұрақтар дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

Ал әкімдіктің рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқандарды қолдамаймыз. Себебі тұрғындар талапынан арыздар келіп түсті. Құзырлы органдар да оларға сұрақ қоя бастады. Сондықтан біз заң бойынша жұмыс істеу керегін ескертеміз, - деді қала әкімі. 

Айта кетейік, әкімдік ақылы автотұрақтар заңсыз жұмыс істеп жатқаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы