Қолдарында ПТР анықтамасы жоқ ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетпек болды

25 Қазан 2020, 06:27
1658
Бөлісу:
Қолдарында ПТР анықтамасы жоқ ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетпек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты сынама тапсырғысы келмеген ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетті, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Мысырдан келе жатқан олардың қолында ПТР анықтама болмаған. Тестен қашқандардың бірі – мемлекеттік қызметкер. Дегенмен қашқындар алысқа ұзамады.  

Қолымызда жолаушылардың жеке мәліметі бар. Соның арқасынла қашып кеткендердің кім екенін, олардың қайда тұратынын бірден анықтадық. ПТР-тест тапсыруға екі күндік карантинге орналастырдық. Қашып кеткені үшін әрқайсысына 83 340 теңге айыппұл салынды. Бұл әрекеттеріне не түрткі болғаны әлі түсініксіз. Ерлі-зайыптының біреуі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері екені анықталды, - деді Көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
Индустрия министрлігі әзірге шетелдегі демалыстан соң, ПТР-тест тапсырудан жалтарған азаматты өз қызметкері деп мойындаған жоқ. Бірақ ішкі тексерісті бастап кеткен.
Егер сынамадан қашқан азамат мемлекеттік қызметкер болса, тиісті сыбағасын алады, - деп хабарлады министрлік.

Өзгелердің жаңалығы