Көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай өтті?

11 Шілде 2021, 14:48
3585
Бөлісу:
Көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай өтті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маусым айының соңында көктемгі шақыру науқаны аяқталды. Жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жасақтады. Бас штаб ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев әскерге шақыру науқанының қалай өткені және қандай нәтижелермен аяқталғаны туралы айтып берді.

Биылғы жылғы әскерге шақыру жоспарлы түрде өтті. Президент Жарлығына сәйкес әскерге шақыру биылғы наурыз айынан маусым айына дейін жүргізілді. Биыл Республика бойынша 15 мыңнан аса азаматтарымызды мерзімді әскери қызметке шақырдық. Оның ішінде Қарулы Күштерге 6 мыңнан аса азамат шақырдық, Ұлттық ұланға шамамен 7 мың азамат шақырдық, Төтенше жағдай министрлігіне 300-ден аса әскери қызметші шақырдық, Мемлекеттік күзет қызметіне шамамен 100 адамдай және шекара қызметіне шамамен, орта есеппен 1500 мыңдай адам шақырылды, - деді ол.

Руслан Тапашев әскерге шақырушылар іріктеу және алдын-ала зерделеу кезінде алдымен олардың алған білімдері ескерілетінін айтты.

Соған байланысты әскери қызметшілерді әскер тектері мен түрлеріне бөліп және командаларға тағайындалады. Бірақ, дегенмен, қазіргі таңда жастарымыз арнайы бөлімдерге құмар, оның ішінде өзіміздің Қарулы Күштердегі десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз-жаяу әскерлері сияқты арнайы мақсаттағы бөлімдерге құмар, - деді Тапашев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әскерге шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу кезінде олар аудандық және облыстық медициналық комиссиялардан өтеді.

Сол кезде басым көпшілігі сырқаттардың көз ауруымен, асқазан, ішек ауруларымен, омыртқа жолдары байланысты. Бұның себебі қазіргі таңда, өзімізде көбейіп кеткен гаджеттер, ұялы сымтетік, аз қозғалыссыз, тамақтану салты солардың бәрі көп әскерін тигізетін сияқты. Айтып өткім келеді, ата-аналардың да назарына болашақта егерде әскерге шақырамыз деп балаларынан үміт күтетін болса осындайлардан шектету керек сияқты, - дейді ол.

Бас штаб ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері айтқандай, қолданыстағы заңнамамызға сәйкес, яғни Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілер туралы» Заңында оның бәрі көзделген. Заңның 37-бабында егер мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматымыз орта арнаулы немесе техникалық білімі бар, жоғары білімі бар болса, 6 ай мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін ол келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдана алады.

Осы Заңның 39-бабында көзделгендей, 24 жасқа дейінгі мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жоғары әскери оқу орнына түсуге ниет білдірсе, оғанда ол құқылы. Яғни, бізде заңда шектеу көзделмеген. Биыл жиын пунктерінде сақтау шаралары қатаңдатылған. Барлық жергілікті басқару органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, әскерге шақырушылар жеке қорғаныс жабдықтарымен қамтылған. Олар – бетперделер, қолғаптар және жеке залалдаушы құралдар. Жиын пунктері екі аумаққа бөлінген, ол бірінші лас аумақ және таза аумақ. Әскерге шақырушылар келгеннен кейін ПТР тестілеуден өткізіліп, лас аумақта орналастырылады. Кейіннен осы ПТР тестілеудің нәтижесін алғаннан кейін, теріс нәтижеге ие болғандар таза аумаққа өткізіледі, оң нәтиже алғандар медициналық қызметкерлер келгенше жеке үй-жайда оқшауланады, - деді ол.

Руслан Тапашев әскери қызметшілер әскери бөлімге келгеннен кейінде олар ПТР тестілеуден өткізіліп, 14 күндік карантинге оқшауланатынын айтты.

Яғни, мұның барлығы әскери ортаға мына коронавирус инфекциясын енгізбеу үшін жасалып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы