Алматылық жастар ашық аспан астында фитнеспен айналысты

11 Шілде 2021, 14:39
1411
Бөлісу:
Алматылық жастар ашық аспан астында фитнеспен айналысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында «Fitness Рark KZ» бұқаралық спортты ілгерілету жобасының шеңберінде бұқаралық жаттығулары мен шеберлік сағаттары өтті. Іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып, ашық аспан астында өткізілді.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты шеңберінде іске асырылып отыр. Жобаның негізгі міндеті - қазақстандық жастар арасында дене шынықтыру және спорттың көп сатылы бағдарламасын іске асыру, дейді ұйымдастырушылар.

Жоба аясында Қазақстанның 17 өңірінде жастарға арналған бұқаралық жаттығулар, шеберлік сағаттары мен жаттығулар өткізу жоспарланған. Алғашқы спорттық іс-шара СҚО-да мамыр айында өтті, енді біз Алматы қаласына ат басын бұрдық, - деп атап өтті жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Спорттық іс-шараны кәсіпқой фитнес жаттықтырушысы Меруерт Алдаширова және спорттық бал билерінен спорт шеберіне кандидат Людмила Ма өткізді. Сондай-ақ, шараға спорт белсендісі, «тас джунглиден» аман қалу бойынша жаттықтырушы Серік Тұржанов атсалысты.

Өзгелердің жаңалығы