Көктайғақ, тұман, боран: Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22 Желтоқсан 2023, 03:25
480
Бөлісу:
Көктайғақ, тұман, боран: Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

22 желтоқсанда Астана мен еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Тұман, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстік-шығысында 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жед соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, 22-23 желтоқсанда 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қызылордада да түнде шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы