Көктайғақ, бұрқасын: 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2 Қаңтар 2024, 09:15
1446
Бөлісу:
Көктайғақ, бұрқасын: 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: Архив BAQ.KZ

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып отыр.

Болжамға сәйкес, жауын-шашын (көбінесе қар) түседі, батыста қар жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел соғады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары қатты жел күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы