Көкшетаудағы Қылшақты өзеннің суы қайтадан жағадан шықты

29 Наурыз 2024, 10:21
239
Бөлісу:
Көкшетаудағы Қылшақты өзеннің суы қайтадан жағадан шықты
PHOTO
Фото: ТЖМ

Таңертең Көкшетаудағы Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материалдар төселді.

111 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала. Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Көкшетаудағы Қылшақты өзеннің суы қайтадан жағадан шықты

Барлығы: ТЖД-жеке құрамның 104 адамы, 14 бірлік техника, 9 мотопомпалар, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпалар.

Көкшетаудағы Қылшақты өзеннің суы қайтадан жағадан шықты

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы