Көкшетауда төрт айда 17 бала жоғалған

29 Сәуір 2022, 10:46
1532
Бөлісу:
Көкшетауда төрт айда 17 бала жоғалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда төрт айда 17 бала жоғалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

28 сәуірде Көкшетау қаласының 7 жасар тұрғыны үйінен шығып, мектепке дейін жетпеген. Туыстары бірден полиция қызметкерлеріне жүгініп, патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастады.

Қуанышқа орай, ата-аналары баланы туыстарынан аман-есен тауып алды. Бала мектепке кешігіп қалып, сабақтың аяқталуын күткен.

Жалпы, төрт айда облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кеткендердің 33 фактісі тіркелді. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 17 бала, – деді Ақмола облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Айнагүл Қуандықова. 

Ерекше жағдай 26 сәуірде орын алды, Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөліміне сағат 19:30 шамасында жас бала жеткізілді. Ер адам баланы Уәлиханов-Мира көшелерінің қиылысының жолынан тауып алған. Бала жалғыз болған. Баланың аты Әлішер және жасы 4-те екені анықталды. Әңгіме барысында бүлдіршін әжесін атап, полиция қызметкерлеріне үйін көрсетті. Нәтижесінде, көпқабатты үйдің ауласында баланы өз беттерінше іздеп жатқан әжесі мен анасы табылды. 

Жазғы маусымның басталуымен бастауыш мектеп жасындағы балалар қала көшелеріне, ойын-сауық саябақтарына және сауда орталықтарына кетіп жатады, ал жасөспірімдер үйден кетуге бейім, – дейді полиция қызметкерлері. 

Бұған жол бермеу үшін ата-аналар алдын-ала қауіпсіздік шараларын қабылдауы керек, егер бүлдіршін жоғалса, орнында қалуы қажет, ал көмек сұрау үшін баласы бар әйелге, полиция қызметкеріне жүгінуі қажет. Ал жасөспірім балалар сенімді қарым-қатынасты және баланың өміріне саналы түрде қатысуды талап етеді.

Өзгелердің жаңалығы