Желіде Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкері өлі табылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Ғаламторда тараған ақпаратқа сәйкес, мәйіт тұрғын үйдің жертөлесінен табылған.
Оқиғаны растаған Ақмола облыстық полиция департаменті суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, қыркүйек айында Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің 27 жастағы басшысы қайтыс болғаны белгілі болған еді. Марқұмның отбасы оның жұмыста үнемі моральдық және психологиялық қысым көргенін мәлімдеген. Алайда Ақмола облысы бойынша ҚР Сот әкімшілігі департаменті бұл айыптауларды жоққа шығарған болатын.