Көкшетауда қоқыс жәшіктері бейнебақылау арқылы бақыланады

19 Шілде 2021, 14:28
1828
Бөлісу:
Көкшетауда қоқыс жәшіктері бейнебақылау арқылы бақыланады

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында қоқыс жәшіктерін бейнебақылау жүйесі пайда болады.

Қала әкімдігі контейнерлік алаңдары бар тұрғын үйлер маңына бейнекамералар орнатуды жоспарлап отыр. «Бәрін көретін көз» тек қоқыспен байланысты заңбұзушылықтарды бақылауға ғана емес, сонымен қатар аулалардағы қауіпсіздікті және балалар мен спорт алаңдарының қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Жоба «Қазақтелеком» компаниясы мен қала әкімдігінің бірлескен туындысы. Басты мақсат – шағын аудандарда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу екендігін айтады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары.

Жаңа жоба арқылы көп қабатты үйлердің аумағына ғана емес, сондай-ақ үлкен стихиялық қоқыстар пайда болған жеке секторды да қамтитын қосымша 30 камера орнатуды көзделіп отыр. Әлеуметтік желілерде көкшетаулықтар қоқыс шығарумен айналысатын фирмалардың сапасыз жұмысына үнемі шағымданады. Ең жиі кездесетін – контейнерлік алаңдардың қоқысқа толуы, қатты-тұрмыстық қалдықтардың бірнеше апта бойы шығарылмауына қатысты шағымдар, - дейді «Көкше Тазалық» ЖШС жетекшісі Олег Топорков.

Осыған байланысты тұрғындар мен коммуналдық қызметтер арасында үнемі келеңсіз жағдайлар орын алады. Қала тұрғындары қызмет көрсететін компанияларды сапасыз жұмыс жасады деп айыптайды, ал олар өз кезегінде қалдықтарды сұрыптау ережелерін бұзған және өздігінен қоқыс тастайтын тұрғындарды айыптайды.

Контейнерлерге қоқыстың белгілі бір түрін ғана тастауға болады. Құрылыс материалдарын, ескі жиһаз бен техниканы тастауға болмайды. Осының кесірінен көп жағдайда қоқыс тасымалдайтын көліктер жиі бұзылады. Ірі көлемді қалдықтардан құтылу үшін тұрғындар баспаналарына жөндеу жүргізгенде немесе көшкен кезде қоқыс шығаратын жеке көлік, жүк тиегіштерді жалдауы тиіс, – деп түсіндірді Олег Топорков.

Бейнебақылау жүйесінің көмегі көп. Біріншіден, бұл ҚТҚ шығару ережелерін бұзғандарды анықтауға көмектеседі. Екіншіден, камера қоқыс алаңы аймағындағы тұрақ бұзушыларды бақылауға, көлік нөмірін анықтауға және деректерді полицияға жіберуге мүмкіндік береді. Барлық жазбалар мұрағатта 10 күн сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жоба полицияның бастамасымен Көкшетауда іске қосылған болатын. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығында кіреберістер мен аулаларда 1 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы