Көкшетауда 80 адамды алдаған 2 шенеунік сотталды

1 Қараша 2022, 23:24
1309
Бөлісу:
Көкшетауда 80 адамды алдаған 2 шенеунік сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, – делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.

Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы, келтірілген залал – 30 млн теңге. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.

Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жыл тыйым салу түрінде қосымша жаза белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы