Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады

28 Маусым 2022, 05:25
1408
Бөлісу:
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты.

Баспасөз мәслихатында аймақ басшысы өңірде халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бойынша қолға алынған жұмыстарға тоқталды.

Өңірде денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 150 медициналық техника сатып алынды. Биыл «реанимация», «хирургия», «офтальмология» бейіндерін жабдықтау үшін 32 медициналық жабдық сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл жоба өңір үшін өте маңызды. Қазір дайындық шаралары жүріп жатыр, Сарыарқа шағынауданында аурухана құрылысы үшін 17 гектар жер телімі бөлінді, – деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, биыл Қосшы қаласында 100 келушіге арналған емхана құрылысы және Қоянды ауылына 50 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталмақшы.

Өзгелердің жаңалығы