Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын ашқан

8 Тамыз 2021, 06:25
3195
Бөлісу:
Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын ашқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында алаяқтық жасаған деген күдікпен әйел адам ұсталды. Ол WhatsApp мессенджері арқылы «қаржы пирамидасы» сияқты жобаға ақшалай қаражат құюға шақырған. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, криминалдық полиция қызметкерлері Көкшетаудың 59 жастағы тұрғынының арызы бойынша бұрын жасалған қылмысты ашқан.

Арыз беруші әйел таныс қыздың WhatsApp мессенджері арқылы табыс табу үшін «қаржы пирамидасы» сияқты жобаға ақшалай қаражат құюға шақырғанын мәлімдеді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, алаяқ әйел оның 300 мың теңгесін иемденіп алған. Арыз беруші ақшаны алаяқтың банктік шотына аударған, – деді ведомстводан.
Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу басталды.

Полиция күдіктіні анықтады. Ол 32 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі кезде зардап шеккендер қатары анықталды.

Өзгелердің жаңалығы