«Көкшетау» тауындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

25 Қыркүйек 2022, 13:12
807
Бөлісу:
«Көкшетау» тауындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

Сағат 11:13-те Бурабай МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауындағы өрт ауыздықталды. Өрттің алдын ала аумағы 0,03 га (300 ш.м.), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және «Бурабай» МҰТП-ның 70 қызметкері жұмылдырылды.

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен 12 рет су ағызылды (36 тонна).

Өрттің таралу қаупі және зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы