“Көкшетау” тауында кезекті өрт орын алды

20 Шілде 2023, 10:18
1269
Бөлісу:
“Көкшетау” тауында кезекті өрт орын алды
PHOTO
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Кеше, сағат 15: 21-де "Көкшетау" тауы Ақылбай орманшылығында, "Бурабай" МҰТП аумағында орманда қоқыс өртенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт алаңы 0,01 га. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

“Көкшетау” тауында кезекті өрт орын алды

Жедел қабылданған әрекеттердің арқасында өрт бір сағаттан кейін оқшауланды.

“Көкшетау” тауында кезекті өрт орын алды

Өртті сөндіруге Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 30 адамы және 4 бірлік техника, "Бурабай" МҰТП 19 адам және 4 бірлік техника, сондай-ақ "Қазавиаорманқорғау" АҚ-ның 1 тікұшағы жұмылдырылды.

Өрттің себебі табиғи фактор, яғни найзағай болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы