Көкшетау полицейлері жол ережесін 24 рет бұзған жүргізушіні ұстады

17 Наурыз 2024, 02:20
595
Бөлісу:
Көкшетау полицейлері жол ережесін 24 рет бұзған жүргізушіні ұстады
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

Жүргізуші 24 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде "Nissan Primera" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге "Nissan Primera" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.

Өзгелердің жаңалығы