Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көксарай су қоймасына батып кеткен ер адамның денесі екі тәуліктен кейін табылды.
ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Түркістан облысының Арыс қаласынан 2020 жылдың 18 қазанында сағат 18:30-да суға батқан адамды іздеуге көмек көрсету туралы хабарлама келіп түскен.
Алдын ала мәліметтер бойынша Байырқұм ауылдық округінде Көксарай каналындағы Аққала ауылынан 20 шақырым жерде балық аулау кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнар бұлағы шағын ауданның тұрғыны 1982 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде шомылған кезде суға батып кеткен. Ол 3 досымен бірге балық аулау кезінде алкогольді ішімдік ішкеннен кейін суға шомыламын деп суға батып кеткен, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін құрамында 6 құтқарушы-сүңгуір, 1 техника және 1 қайық бар Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы 19 қазанда сағат 07:00-де іздестіру жұмыстарын бастады. Көксарай каналы - ені 100 м, тереңдігі 3 м, су температурасы + 8 с. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 19 қазанда сағат 09.04-те сүңгуір Абай Олжас Алтынбекұлы ер адамның өлі денесін тауып алып, судан шығарған.
Оқиға орнына Түркістан облысы Арыс қаласының ТЖ бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ құтқарушылары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді! Қауіпті жағдай келесі факторлар болған кезде пайда болуы мүмкін:
- Балық аулау алдында немесе оның барысында алкогольдік ішімдіктерді пайдалану;
- Көктемде немесе күзгі маусымда суық суға шомылу;
- Жүзе алмау;
- Қатты жел мен толқындар;
- Тәуліктің қараңғы уақыты;
- Балықшы жағалауда немесе қайықта жалғыз болуы.
Егер сізге төтенше жағдайда көмек қажет болса немесе сіз оқиғаның куәгері болсаңыз «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.