Көбейтұз 49 жылға жалға беріледі

21 Шілде 2020, 18:26
3001
Бөлісу:
Көбейтұз 49 жылға жалға беріледі
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында Көбейтұзды 49 жылға жеке пайдалануға беру туралы байқау жарияланған.

Қажеттi құжаттардың тiзiмiн "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ сайты жариялаған.

WhatsApp Image 2020-07-21 at 18.27.03.jpeg

Конкурсқа құжаттарды 2020 жылғы 27 шiлдеге дейін қабылданады.

Конкурс 2020 жылдың 27 шiлдесінде Көкшетау қаласында өтеді.

Байқауға қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет. 

WhatsApp Image 2020-07-21 at 18.27.13.jpeg

Айта кетейік, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов Көбейтұзды сақтап қалу үшін рекреацияны ұйымдастыру үшін жеке нысанды анықтау қажеттігін айтқан болатын. 

Демалысты ұйымдастыру үшін бұл әзірге бірден-бір шешім болып отыр. Қожайын болған кезде тәртіп қадағаланады. Рекреациялық орындарды жалға беру тәжірибесі баяғыдан бар. Әкімдік белгілі бір ұйымның атына рекреацияға тіркей алады, - деді Жолдасов.
Бүгінгі таңда Көбейтұзға қатысты әңгіме көбейді. Кейбіреулер Көбейтұздың келісі 5 мың теңге тұратын тұзы вирусты емдейді дейді. Оның қаншалықты рас екені анықталды. 

Кеше келушілер саны көбейіп, санитариялық талаптар сақталмағандықтан Көбейтұз көлі карантинге жабылды. Ал тұзды жаппай қазып әкетіп жатқандар жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Өзгелердің жаңалығы