KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

5 Шілде 2022, 11:26
2112
Бөлісу:
KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда күніне орай  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  Ұлттық академиялық кітапхана алдында «EЛОРДА - KitapTime» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Ұлттық академиялық кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жолдыбалинов шара қала тұрғындарының рухани өсуіне бағытталып отырғанын айты.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Бұл кітапхананың 18 жылдық тарихында алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жәрмеңке. Тұрғындар жәрмеңкеден кітап та сатып ала алады. Көрмедегі әртүрлі қолжазбалар мен кітаптарды тамашалай алады. Сирек кітаптар мен Құран кітаптары да бар. Балалардың рухани дамуына да әсер етеді деп ойлаймыз,- деді ол.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Оның айтуынша, көрмеде ертегілер кітаптары көп.

Кейінгі буын, жастардың өздері жазған ертегілер де бар. Сондықтан көрме-жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығады деп ойлаймыз,- деді ол.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Кітап көрме-жәрмеңкенің мақсаты- кітап оқуды қолдау, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, Елордамыз туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау, сондай-ақ отандық кітап баспаларының жаңа өнімдерімен таныстыру.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Кітап көрме-жәрмеңкесіне «Фолиант», «Эльдорадо» кітап дүкені, «Абай» кітаптар үйі, «Алматыкітап» баспалары өз өнімдерінің жәрмеңкесін, «Qyr balasy» қоғамдық бірлестігі жаңа кітаптарын, Akel интернет дүкені Qasym сериясымен кітаптарын көрермен назарына ұсынды.

KitapTime. Елордада ашық аспан астында көрме-жәрмеңке өтіп жатыр

Ұлттық қолжазбалар орталығының сирек қорлар, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктерінің, «Балалар жылына» орайластырып, балалар әдебиеттерінің көрмелері шараның мәнін аша түскен.

Өзгелердің жаңалығы