Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жазушы Тұрсын Жұртбай «EЛОРДА - KitapTime» кітап көрме-жәрмеңкесінде айтты.
Адамзатымыздың өсіп-өркендеу жолындағы бір қарыздар қызметі немесе табысы осы-кітап. Кітап болмаса, дүние де жаңармас еді, ақыл-ой өспей тоқтап қалар еді. Сондықтан да кітап қандай болса,қоғам да сондай болады. Қоғамның тағдыры кітапта, оның кітапқа көзқарасы қоғамның қандай екенін білдіреді, - деді Жұртбай.
Жазушы атағандай, бүгінгі шара да кітапқа деген құрмет пен ізеттің белгісі.
Біз қазір шайтанқұлаққа үйір, аяғымыздың басына қарап, жер таңдамай шұқшия береміз. Оны ғылым деп санайды. Бұл-ғылым емес. Ол жел сияқты, ойлануға, шешім қабылдауға, қайталап ойлануға мүмкіндік бермейді. Зиялы қауым мен өзімнің ойымша, кітаптан көзін айырған адамның көзі де,өзі де,көңілі де соқыр. Біз кітапқа деген махаббатты Пайғамбар, дінімізге,тілімізге деген махаббатпен тең болуы керек, - деді жазушы.
Тұрсын Жұртбай кітап ардың, жанның, білімнің тазалығының бейнесі екенін айтты.